Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Қош келдің Жаңа жыл!

Жаңа жыл мерекесі 25 желтоқсан күні, біздің №2 «Жұлдыз» балабақшасының  №9 «Арай» ортаңғы санаторлы тобында, балаларға жаңа жыл мерекелік көңіл күй ортасын тудыру, хормен, жеке тақпақ айту шеберліктерін, қызығушылықтарын арттыру, карнавалдық киімдеріне назар аударту, достық қарым-қатынасын ояту  мақсатында «Қош келдің Жаңа жыл!» атты музыка жетекшісі Тюлебаева Ақмарал Хожаназарқызымен ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке барлық бала қатысты.  Балалар бұл ертеңгілікке орай Аязата мен Ақшақарға деген сый – құрметтерін білдірді. Оларға арнап өлең – тақпақтарын, әндерін айтып, билерін билеп, ойындар ойнап өз  өнерлерін көрсете білді. Қонаққа келген қоянмен ойын ойнап, биледі. Аяз атаның сыйлықты бермек болғанда, қапшықтан Тышқан атып шыққанда бүлдіршіндерге қызықты болды, аналарды шаттандырды. Тышқан қармен ойналатын ойынды ойнатты. Ата – аналар бүлдіршіндердің дайындаған ертеңгіліктеріне көңілдері толып, мәз – мейрам болып ризашылықтарын білдірді. Ертеңгілік суретке түсуімен аяқталды.

 

 

 


Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст