Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Балабақшамызда Наурыз мерекесі

19 наурыз күні  балабақшамызда 22 Наурыз мейрамына арналған «Гүлдер», «Балдырған», «Аққу», «Көжектер» топтарында мерекелік іс – шаралар өткізілді.Әр ойын - сауықтың барысында балалар  әдемі өлеңдерін оқып, ән айтып, домбырамен, кілемшемен, асықтармен би билеп, өздерінің өнерлерін көрсете  білді.Әже балаларды Наурыз мейрамымен құттықтап, «Тойға шашу» рәсімін көрсетті.Мерекеге Қыдыр ата келіп, балаларға ақ батасын берді.Америкадан келген қонақ Джордж, Алдар Көсе балалармен бірге «Ханталапай», «Теңге алу», «Қол күрес», «Арқан тартыс» деген ұлттық ойындар ойнады. Музыка жетекшісі Аиса Маликовна  «Балдырған» тобының балаларымен  бірге ұлттық аспаптар туралы ән  шырқап, оркестр ұйымдастыра білді. Музыка жетекшісі Ақмарал Хожаназаровна «Көжектер» тобының балаларына ою – өрнектер туралы маңызды  слайдтық презентация жасады. Мерекелік іс – шара  балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, ерекше әсер етті.


Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст