4 наурыз күні «Жұлдыз» балабақшасында музыка жетекшісі және тәрбиешілердің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қошақан», «Балапан», «Балдырған» топтарында мерекелік іс – шаралар өткізілді. Әр ойын - сауықтың барысында балалар өздерінің әжелеріне, аналарына әдемі өлеңдерін оқып, ән айтып, би билеп, шағын көріністерді көрсете білді. Мерекеге ертегілердің кейіпкерлері келіп (Көктем, принцесса Несмеяна, Карлсон) балаларды қызықты, тартымды ойындармен қуантты. Мысалы, кәмпитпен бөліспеймін деген Карлсон, мерекенің аяғында көңілі көтеріліп балаларға кәмпиттер таратты. Несмеянна ханшайымы мерекеге жылап келді, ал кеткенде көңілі көтеріліп балаларға сыйлықтар таратты. Мейірімді көктем мектепалды топ балаларына танымдық, қызықты ойындар әкелді, олар балаларды барлық ойын-сауық кезеңінде белсенді болуға мәжбүр етті. Дәстүр бойынша мерекенің соңында ұлдар қыздарға өздерінің ғажайып сыйлықтарын берді. Мерекелік іс – шара балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, ерекше әсер етті.