02.03.2021ж. «Жұлдыз» балабақшасында ересектер «Құлыншақ», «Ботақан», ортаңғы «Қонжық» топтарында көктемгі алғашқы күндері 8 наурыз аналар мерекесіне арналған мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балалар көтеріңкі көңілмен әсем бизендірілген топта мерекені атап өтті. Аналарына арнап «Айналайын ақ-мамам», «Анашым» әніндерін орындап, жүректерінен шыққан жылы лебіздерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Балаларды құттықтап Ару көктем қонаққа келіп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, қыздармен «Кір жуу», ер балалармен «Гүл құрастыру» ойындарын ойнатқызып көңілдерін көтерді. Сонымен қоса әжелерімізге де арналған өлең шумақтарымен «Әжемнің шайы», «Ақ әжем» әнін орындады. Музыкалық жетекшінің басшылығымен балалар шулы аспаптарда оркестр құрып ойнады Мерекенің соңында, балалар өз қолдарымен аналарына жасаған сыйлықтарын көрсетті.