Балалардың жарақаттануының алдын алу "Бала қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік!"

 

  Бала қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік!

 Құрметті ата-аналар мен педагогтер!
     Көптеген жарақаттардың алдын алуға болады, егер қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаға дұрыс әдеттерді қалыптастырсақ.

 Құлаудың алдын алу

Аяқ киім: бала өкшесі қатты бекітілген, табаны таймайтын аяқ киім киюі керек.
Шлепанцы мен бос тәпішкелер — тегіс жерде құлаудың басты себебі.

Тазалық пен тәртіп: балаларды ойыншықтарын бірден жинауға үйретіңіз.
Еденде жатқан конструктор немесе ойыншық — жарақаттың негізгі себебі.

Баспалдақ: балаларға мына ережені ескертіңіз: «Бір қол әрқашан тұтқада болуы керек» Баспалдақпен жай түсіп, секірмеу қажет.

Терезе мен жиһаз: ешқашан терезе маңына орындық немесе тумба қоймаңыз.
Москит торы баланың салмағын көтере алмайды!

   Серуен кезіндегі қауіпсіздік

Ойын алаңын тексеру: ойын алдында сырғанақ пен әткеншекті тексеріңіз (өткір жерлері жоқ па, бекітілген бе).

Кезек сақтау: балаларды өз кезегін күтуге, бірін-бірі итермеуге үйретіңіз.

Қауіпті ойындар: таяқ, таспен ойнауға және биіктіктен секіруге (баланың бойынан жоғары) тыйым салыңыз.

Ұсақ заттар мен киім

Баусыз киім: жапсырма немесе сыдырма (замок) бар киім таңдаңыз.
Ұзын баулар мен капюшон жіптері қауіпті болуы мүмкін.

Тыйым салынған заттар: балабақшаға ұсақ моншақ, белгішелер, тиындар немесе қауіпті ойыншықтар бермеңіз.

Жеке гигиена: баланың тырнақтары қысқа алынған болсын — бұл ойын кезінде жарақат алу қаупін азайтады.

Қарым-қатынастың алтын ережесі

Тек тыйым салмаңыз («Жүгірме!»), себебін түсіндіріңіз:

«Еден дымқыл болса, тайып құлап, басыңды жарақаттауың мүмкін»

Қауіпсіздік — бұл қауіптің жоқтығы емес, оны дұрыс басқару!

Текст