Текст
16 наурыз күні «Жұлдыз» балабақшасында музыка жетекшісі және тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 22 Наурыз мейрамына арналған «Қонжық», «Құлыншақ», «Ботақан» топтарында мерекелік іс – шаралар өткізілді.Әр ойын - сауықтың барысында балалар әдемі өлеңдерін оқып, ән айтып, би билеп, шулы аспаптарда ойнай білді.Мерекеге Қыдыр ата келіп, балаларға ақ батасын берді, әжелер «Тоқым қағу» «Қырқынан шығару» рәсімдерін көрсетіп, балалардың танымдық қабілеттерін арттыра білді.Мейрамның барысында қыз – жігіт айтысы болып, «Көкпар», «Теңге алу», «Құлыншақ», «Арқан тартыс» ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік іс – шара балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, ерекше әсер етті.