Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күні

№2 Жұлдыз балабақшасында 24-27 қараша аралығында жоспар бойынша Тұңғыш Президент Күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. 24.11.20 жылы мектепалды топ балалары арасында "Менің Отаным - Қазақстан" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Үздік оқырмандар грамотамен марапатталды, осы байқаудың қалған қатысушылары "Ең сүйкімді Орындаушы", "Ең көңілді Орындаушы", "Ең жалынды Орындаушы", "Ең мәнерлі Орындаушы"номинацияларына ие болды.Барлық қатысушылар естелік сыйлықтар алды. Байқауда оқырмандар өздерінің таланттары мен өлеңді мәнерлеп оқу қабілеттерін көрсетті. Поэтикалық шығармалар Тұңғыш Президентке, Отанға, туған өлкеге деген махаббатқа арналды. Өтпелі тақырып аясында барлық топтардың тәрбиешілері жоспар бойынша іс-шаралар дайындады. Ортаңғы топтарда тәрбиешілер "Менің Қазақстаным" тақырыбында әңгіме өткізді, ересек және мектепалды даярлық топтарында тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді, онда балалар өз елі, еліміздің Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көбірек білді, Отан, Қазақстан Республикасының рәміздері, Президент туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып, әндер орындады, ұлттық ойындар ойнады, слайдтық презентация тамашалады.Тәрбиешілер дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге таза ауада эстафеталық ойындар, қызықты іс - шаралар ұйымдастыра білді.

 

 

 

 

 

 


Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст