«Топта үйлесімді, жағымды психологиялық ахуалды ұйымдастыру»

«Топта үйлесімді, жағымды психологиялық ахуалды ұйымдастыру»

Білім беру процесінің сапасын арттыру және тәрбиеленушілердің эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында  тәрбиешілерге, педагогтерге  «Топта үйлесімді, жағымды психологиялық ахуалды ұйымдастыру» тақырыбында педагог- психолог  2025 жылы 17 қараша айында  консультация өткізілді.

Консультация барысында тәрбиешілер келесі мәселелерді талқылады: 

- балалар ұжымында сенімді, жылы орта құрудың маңыздылығы; 

- психологиялық ахуалдың баланың тұлғалық дамуына әсері; 

- топта эмоционалды жайлылықты қалыптастырудың тиімді әдістері; 

- балалар арасындағы жағымды қарым-қатынасты қолдауда педагогтың рөлі.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту, мазасыздықты төмендету, арт-терапия элементтері мен ұжымды біріктіруге арналған ойындар бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Топтағы үйлесімді атмосфера – тәрбиелеу жұмысының табысты болуының кепілі. Педагог әр бала үшін қолдау мен сенім, қауіпсіздік көзі бола білуі керек.

Текст