Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

«Мерекеңмен жан анам!» атты ойын-сауық (№1 «Бөбектер» мектепалды даярлық тобы)

05 ақпан күні, «Жұлдыз» балабақшасының №1 «Бөбектер»  мектепалды даярлық тобында «Мерекеңмен жан анам!» атты ойын-сауық өтті. «Қыз еркем, қылығымен көркем» атты сайысты қонаққа келген Көктем ханшайымы  ұйымдастырды, қыздарға арналған түрлі қызықты тапсырмаларды беріп, өнерлерін тамашалады. Қыздар өздерін «Аспазшы» ретінде көрсетіп, түрлі жарма түрлерін ажыратты, сонымен қатар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және өнерлерін көрсете білді. Нақты модельдер сияқты өз – өзін қалай ұстау керектігін, әдемі де сымбатты жүргендері айқын көрінді. «Жас суретші» деген тапсырмада өздерінің аналарына арналған әдемі гүлдердің суреттерін салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Үй тапсырмасы болған әр қыз аруымыз өнерлерін би ретінде, ән шырқау арқылы тамашалап, нағыз әртістер сияқты өнер көрсетті. Балалар аналарға, әжелерге арналған өлең шумақтарын, «Ақ дидарлы анашым» және «Жақсы көремін әжемді» деген әндерін тамашалап шырқады. «Орындық» атты ойынды қыздар мен ұлдар жұптасып, қызығушылықтарын танытып ойнады. Балалардың көңіл – күйлері жоғары болып, ертеңгілікке белсене қатысып отырды. Сонымен бірге «Көңілді аспаптар» оркестрі шығып, музыкалық аспаптарды қолдана отырып, әдемі, ғажап әуен ойнады.  Қыздар «Өнерлі ару», «Сымбатты ару», «Көркем ару», «Сұлу ару» және де «Сүйкімді ару» атты номинацияларымен марапатталды.   

Тәрбиешілер: Сураганова С.А.,  Омарова А.С.


Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст