Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Қош келдің, Алтын күз!

15.10.2020ж ортаңғы №4 «Қонжық» тобында «Қош келдің, Алтын күз»  атты мерекелік ойын-сауық өтті.  Балалар белсенді қатысты, мерекеге кейіпкерлер қонаққа келді. Алтын күз, Қоян келіп ойын ойнатып, жұмбақтарын жасырды. Кейіпкерлерге балалар өз тақпақтарын айтты, бірге ойнап, дайындаған билерін биледі. Мереке соңында сәбилердің көздерінен жалт- жұлт  еткен от ұшқындарын байқадық, өйткені бұл балалардың ең алғашқы ойын-сауығы. Ересек №5 «Ботақан» тобында  балалармен «Армысың, Алтын күз!»-атты ойын-сауық өтті. Мерекемізге келген кейіпкерлер:  Мыстан кемпір, күз ханшайымы балалармен  қызықты ойындар ұйымдастырып, көңілдерін көтерді. Балалар бар өнерлерін ортаға салып  белсенді қатысты және  күз мезгілінің ерекшіліктері  туралы білімдері  кеңейді.

 

 

 

 


Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст