Балабақшадағы медбике кеңестері

 

Темиргалиева Галина Ашкеновна медбике

1. Баланың денсаулығын күн сайын нығайтыңыз

•        Баланың күн тәртібін сақтаңыз: ұйқы, тамақ, серуен.

•        Баланы біртіндеп шынықтырыңыз: ауа, су, күн сәулесімен.

•        Таңғы жаттығуды баламен бірге жасаңыз.

 2. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

•        Таңертең жеңіл әрі пайдалы ас ішуді қадағалаңыз.

•        Тәтті мен газдалған сусынды шектеңіз.

•        Баланы көкөніс, жеміс және ботқа жеуге үйретіңіз.

 3. Жеке гигиена – маңызды дағды

•        Тамақтанар алдында және серуеннен кейін қолды жуыңыз.

•        Баланы күніне екі рет тіс тазалауға үйретіңіз.

•        Тырнақтың, киім мен аяқ киімнің тазалығын бақылаңыз.

 4. Тұмау мен суық тиюдің алдын алу

•        Бөлмені күн сайын желдетіңіз.

•        Баланы ауа райына сай киіндіріңіз, артық қымтап қоймаңыз.

•        Ауру белгілері байқалса, баланы үйде қалдырыңыз.

 5. Эмоциялық денсаулық та маңызды

•        Баланың көзінше ұрыспаңыз, дау тудырмаңыз.

•        Үйде жылы әрі достық орта қалыптастырыңыз.

•        Баланы мақтап, әр жетістігіне қуаныңыз.

 6. Қауіпсіздік – ең бастысы

•        Баланы ыстық заттармен, тереземен, сумен абай болуға үйретіңіз.

•        Ойыншықтардың қауіпсіз және ұсақ бөлшектерсіз болуын қадағалаңыз.

•        Балаға бейтаныс адамдармен кетуге болмайтынын түсіндіріңіз.

Текст