Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

«Алтын күз» мерекесі

«Алтын күз» мерекесі 14 қазан күні, біздің №2 «Жұлдыз» балабақшасының  №9 «Арай» санаторлы ересек тобында, Балалардың күз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл-күй ортасын тудыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке тақпақ айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру, балалардың Күз ханшайымы, Қоянның, Кірпінің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді бірлескен ойындар ойнату, достық қарым – қатынасын ояту, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Күзгі орман» атты музыка жетекшісі Тюлебаева Ақмарал Хожаназарқызымен ертеңгілік өтті. Балалар бұл ертеңгілікке орай Күз ханшайымына деген сый – құрметтерін білдірді. Оларға арнап өлең – тақпақтарын, әндерін айтып берді. Қонаққа келген қоянмен кірпінің тапсырмаларын орындап, ойындар ойнап, билеп, өз өнерлерін көрсете білді. Күз ханшайымы балаларға алма сыйлады.  Бүлдіршіндер мәз – мейрам болып мерекеден көңілдері толды. Ертеңгілік суретке түсумен аяқталды.

 

 

 


Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст