Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

2025 жылға арналған
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
аналитикалық анықтама

2025 жылдың желтоқсан айында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК-де 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне комиссия құрамында ішкі талдау өткізді:

Бекмаганова А.К
Бекебаева Г.Ж
Ержанова Анар Газизовна  – жұмыс тобының жетекшісі.

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы – Ақмола облысының әкімдігі.

Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы – «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің қызметін реттейтін заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру және ұйымдық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер бойынша объект қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Зерттеу барысында құқықтық олқылықтар, кадр саясаты бойынша мүдделер қақтығысы, мүлікті жекешелендіру, сатып алу немесе сату фактілері, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен туыстық байланысы бар адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Тексерілетін кезеңде Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК-де мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 102  шарт жасалды, оның ішінде:

  • алдын ала біліктілік іріктеу – 0;
  • баға ұсыныстарын сұрату – 36;
  • өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден алу
  • шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу
  • тәрбиеленушілерді тамақтандыру бойынша шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу – 5;
  • тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс – 2.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес біртекті тауарларды сатып алу кезінде, егер олардың жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, ал жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса жүзеге асырылады.
Сондай-ақ 39-баптың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін немесе кепілдік беруші электр энергиясын жеткізушімен электр энергиясын сатып алу-сату қызметтерін сатып алу көзделген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мекемеде мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі:

  • «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 19 маусымдағы №254;
  • «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен);
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 31 наурыздағы №57.

Қызмет көрсетушілердің жұмысы тиісті деңгейде жүргізіледі, қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту, жасырын қызметтер көрсету фактілері анықталған жоқ.

Қызметтер:

  • қызмет алушымен тікелей байланыссыз қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдарын қоспағанда);
  • қызмет алушымен тікелей байланыс арқылы және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу жолымен қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде (www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдарын қоспағанда) көрсетіледі.

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-де мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін есепке алу және тіркеу журналы, сондай-ақ біліктілік санатын беру немесе тиісті біліктілік деңгейін растау туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы жүргізіледі.

Сондай-ақ балабақшада оқу, тәрбиелік және қаржылық жұмыстар бойынша жүргізілген іс-шараларға қатысты аналитикалық, статистикалық және өзге де сипаттағы құжаттама бар.

Кәсіпорын қызметінің пәні – мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың физикалық, зияткерлік және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, қызығушылықтарын қанағаттандыру, бос уақытын, демалысын және ойын-сауықтарын ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жүргізуде әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Кәсіпорынның мақсаты – сапалы мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты әрі үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, балалардың тұлғалық өзін-өзі анықтауына жағдай жасау, қабілеттерін іске асыру, қоғамдағы әлеуметтік өмірге бейімдеу, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып дене дайындығын ұйымдастыру, спорт секциялары мен үйірмелерге жүйелі түрде қатысуға тарту, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және олардың денсаулығын нығайтуға қажетті жағдайлар жасау.

Талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Бекмаганова А.К

Бекебаева Г.Ж

Ержанова А.

 

 

 

 


Текст