№2 «Жұлдыз» балабақшасының қабырғасында мектепалды даярлық «Бөбектер» тобында «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігіміз өтті. Ұлдар мен қыздар әдемі киім киіп, ертеңгілікте өздерінің бар өнерлерін көрсетті. Қонаққа Күз ханшайымы келіп, балалар Күзге арналған тақпақтарын айтып, жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтарды шешіп, әсем әндерін шырқады. Ұлдар «Саңырауқұлақтар» биін билеп, «Күзгі вальс» биі де - керемет би болып шықты. «Дәрумендер пайдасы» деген кішігірім қойылымда сондай ерекше әртістік қабілеттерін көрсетіп, өздерінің кейіпкерлердің рөлін толығымен жеткізе алды. «Күзгі бақша» телеарнасының Қызанақ корреспондентіне «Жемістер мен көкөністерді» жинауға көмектесті , сонымен қатар Қоян корреспондентінің бірнеше жұмбақтардың шешуін тапты. Топтың балалары өздерін тек жақсы жағынан көрсетті және де мерекелік көңіл – күй, көңілді, қуанышты көңіл – күй сезінді.