"Рухани жаңғыру" бағдарламасы туған жерге, оның мәдениетіне, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншіліктен көрінетін патриоттық бағытты айқындайды. Біздің Республикамыз гүлденген, бәсекеге қабілетті елге айналуы үшін біз өскелең ұрпақты тарихи дәстүрлерге, туған жердің мәдениетіне, рухани мәдениетке деген құрметке баулуымыз керек. №2"Жұлдыз" балабақшасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылы "Рухани Жаңғыру"бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. Барлық білім беру салалары бойынша ҰОҚ, ойын - сауықтар, патриоттық мерекелер, көрмелер, спорттық мерекелер, театрландырылған қойылымдар өткізілді. "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі аспектілеріне сүйене отырып, біздің балабақшада екі ұзақ мерзімді жоба іске асырылды, олардың қатысушылары балабақшаның тәрбиеленушілері, ата – аналар және педагогтар болды.«Кербез сұлу Көкшетау!" деген жобаның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды туған өлкеге, Көкшетау қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру."Құстар-біздің достарымыз" тақырыбындағы екінші жобаның мақсаты: құстар туралы алған білімдерін бекіту; туған өлкесінің құстары туралы білімдерін кеңейту. Осы жобалар аясында балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмелері ұйымдастырылды. Ақпараттық - танымдық жобалардың нәтижесі ретінде: "Кербез сұлу Көкшетау!"қаланың көрікті жерлерінің түрлі-түсті суреттерімен бейнеленген кітапша жарыққа шықты, сондай-ақ "Қыстайтын құстар" энциклопедиясы дайындалды. Ақпан айында біздің балабақшаның тәрбиеленушілері Көкшетау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында өткізілген "Ақмола жұлдыздары - 2020" балалар шығармашылығының қалалық байқауына қатысты.Аталған байқаудың мақсаты: рухани – адамгершілік, патриоттық, мәдени – тарихи құндылықтарды тәрбиелеу, Қазақстанның мәдени – тарихи мұрасымен жалпыұлттық мақтаныш сезімін дамыту. Эпидемиялық жағдайға байланысты наурыз және мамыр айларында жоспарланған іс-шаралар қашықтықтан өткізілді. Қыркүйек айында №2 "Жұлдыз" балабақшасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді .Тілдер мерекесіне орай тәрбиешілер балалармен "Тіл – достықтың мерейі"тақырыбында әңгімелер өткізді. Ересектер және мектепалды даярлық топтарында тақырыптық ҰОҚ қызықты өтті.Орыс және казак тілі мұғалімдері мектепалды даярлық топтардың балаларына «Әлем таныған ұлы Абай» бейнекөріністі көрсетті. Қазак тілі мұғалімі З.Е.Токсанбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қарлығаш», «Арай», «Гүлдер» ересек топтарына «Ұлы даланың жеті қыры» деген презентациясын ұйымдастырды. Ал,«Балдырған» мектепалды даярлық тобында «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Орыс тілі мұғалімі Б.С.Бекмагамбетова «Құлыншақ» ересек тобында «Қазақстан Республикасының рәміздерін біліп ал» тақырыбында сұрақ – жауап байқауын өткізді. Ал, «Ботақан» ересек тобында «Менің тілім – менің досым» деген тәрбие сағатын өткізді. Тәрбиеші М.М. Шерьязова, музыка жетекшілері: А.М.Рсаева, А.Х.Тюлебаева «Көжектер» тобының балаларымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында ертеңгілікті салтанатты түрде ұйымдастыра білді. Тұңғыш Президенті күніне орай балабақшада "Менің Қазақстаным" мәнерлеп оқу байқауы өткізілді, байқау барысында Қазақстан туралы, Тұңғыш Президент туралы патриоттық өлеңдер оқылды. Топтарда Елбасының өмірі және оның еліміздің дамуына қосқан үлесі туралы тақырыптық ҰОҚ мен бейнефильмдер көрсетілді. Тәуелсіздік күніне орай балабақшада тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды. Желтоқсан айында тәрбиешілер балабақшада өткен "Менің халқымның тарихы" байқауына қатысып, Оңғарбай Ақеркенің үздік бейнежазбасы қалалық байқауға жіберілді. 2020-2021 оқу жылында "Туған жер", "Ұлы даланың ұлы есімдері" және "Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы"жобаларын іске асыру жоспарланған. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жүргізілген барлық жұмыстар өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бағытталған.