Текст
17 наурыз күні балабақшамызда 22 Наурыз мейрамына арналған «Арай», «Қарлығаш» топтарында мерекелік іс – шаралар өткізілді.Әр ойын - сауықтың барысында балалар әдемі өлеңдерін оқып, ән айтып, би билеп, өздерінің өнерлерін көрсете білді.Мерекеге Қыдыр ата келіп, балаларға ақ батасын берді, әжелер «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетті. Тазша бала балалармен бірге «Теңге алу», «Орамал тастау», «Тақия тастамақ», «Арқан тартыс» деген ұлттық ойындар ойнады. Мерекелік іс – шара балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, ерекше әсер етті.