Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Балабақшада өткізілген тілдер апталығы

Біздің №2 "Жұлдыз" балабақшасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді .Тілдер мерекесіне орай тәрбиешілер балалармен "Тіл – достықтың мерейі"тақырыбында әңгімелер өткізді. Ересектер және мектепалды даярлық топтарында тақырыптық сабақтар қызықты өтті.Орыс және казак тілі мұғалімдері мектепалды даярлық топтардың балаларына «Әлем таныған ұлы Абай» бейнекөріністі көрсетті.Қазак тілі мұғалімі З.Е.Токсанбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қарлығаш», «Арай», «Гүлдер» ересек топтарына «Ұлы даланың жеті қыры» деген презентациясын ұйымдастырды. Ал,«Балдырған» мектепалды даярлық тобында «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.Дене шынықтыру нұсқаушылары Л.М. Қырбасова.,  Ж.Б.Акимжанова «Балапан» мектепалды даярлық тобына «Спортландия елі»  атты дене шынықтыру ойын  - сауығын ұйымдастырды.Балалар ұлттық ойындарға белсене қатысты.Орыс тілі мұғалімі Б.С.Бекмагамбетова «Құлыншақ» ересек тобында «Қазақстан Республикасының  рәміздерін біліп ал» тақырыбында сұрақ – жауап байқауын өткізді. Ал,  «Ботақан» ересек тобында «Менің тілім – менің досым» деген тәрбие сағатын өткізді.Тәрбиеші  М.М. Шерьязова, музыка  жетекшілері: А.М.Рсаева, А.Х.Тюлебаева  «Көжектер»  тобының балаларымен   «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында ертеңгілікті салтанатты түрде ұйымдастыра білді. Мереке балалар үшін танымдық және қызықты болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст