1-5 тамыз аралығында балабақшада «Үй жануарлары және олардың төлдері» атты тақырыптық апта өтті. Аптаның мақсаты: үй жануарлары туралы қарапайым түсініктерді дамыту (адамдарға жақын өмір сүреді, адамдар жануарларға қамқорлық жасайды, жануарлар адамдарға пайда әкеледі); балаларды қалалық жерлерде және ауылдық жерлерде тұратын үй жануарларымен таныстыру. Жануарларға қамқорлық жасауды, олармен қарым-қатынас қуанышын тәрбиелеу. Барлық топтарда балалар қызығушылықпен әңгімелерге қатысып, көркем шығармаларды оқыды. Осы тақырып бойынша өнімді қызмет түрлері жүргізілді (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру); қозғалмалы және дидактикалық ойындар ойнады, «Егер жануарлар болмаса...» жағдайын қарастырды және талқылады. «Үй жануарлары және олардың төлдері» атты суреттерін қарастырды және балалар ата-аналарымен бірге үй жануарлары туралы әңгімелер дайындады (түрі, тұқымы, лақап аты, түсі, әдеттері, үй жануарларының суреттерін әкелді)