Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК

 Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Васильковский ш.а., 29

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2025 жылы балабақшада 165 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы  – 144 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 19 мемлекеттік қызмет;
  • Модуль «Педагогтарды жұмысқа қабылдау» – 3;
  • Педагогтарды аттестаттау – 5.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар болған жоқ.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Балабақшада ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және  балаларды қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету»;

- «Педагогтарды жұмысқа қабылдау»;

- Педагогтарды аттестаттау

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім басқармасының ресми интернет-ресурсында  http://ds2.kokshetau.aqmoedu.kz/content/okazaniegosudarstvennyh-uslug                «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы балабақшада өткізілген түсіндіру іс-шарасын - 0, оның ішінде: ресми интернет-парақшасында -1 жылдық есеп, мемлекеттік қызмет көрсету туралы.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында балабақша г. Кокшетау — DDO  бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы  жұмыс істейді.
  • 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда  мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  • Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 3 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі мемлекеттік бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша балабақшаға қатысты ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

Меңгеруші                                                                                                   А. Г. Ержанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Текст