КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЛАҢЫНА ҚАТЫСУ

08.09.2026

КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЛАҢЫНА ҚАТЫСУ

2026 жылғы 8 қыркүйекте «Жұлдыз» балабақшасының меңгерушісі Ержанова Анар Ғазизқызы Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында өткен кәсіби ынтымақтастық алаңына қатысты.

Іс-шара Қытай Халық Республикасының делегациясы мен әлеуметтік серіктестерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша халықаралық аккредиттеу аясында өтті.

Анар Ғазизқызы «Жұлдыз» балабақшасының өкілі ретінде сұхбатқа қатысып, болашақ педагогтерді даярлау және білім берудің тәжірибелік бағыттылығы туралы өз пікірін білдірді. Сонымен қатар балабақша мен колледж арасында жыл сайын ынтымақтастық туралы меморандум жасалатыны атап өтілді.

Халықаралық аккредиттеу – білім сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және білікті педагог кадрларды даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Колледж ұжымына халықаралық аккредиттеуден сәтті өтіп, алдағы жұмыстарына табыс, одан әрі даму мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 1085


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст