«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
қамқоршылық кеңесі туралы
ереже
I. Жалпы ереже.
1.1. Бұл ереже Қамқоршылық кеңес, заңды тұлғалық мәртебесіз, қызметінсіз, міндетінсіз, жұмысты ұйымдастыру және ұстаусыз, жұмысының тәртібін реттейді.
1.2. №2 «Жұлдыз» бала бақшасының Қамқоршылық кеңесі, қайырымдылық ұйым құрастырусыз (заңды тұлғаны құрусыз) қайырымдылық жұмысын жүзеге асыруға арналған білім беру мекемелерінің қайырымдылық жасаушыларының қауымдастығы, ата-аналардың, тәрбиеленушілердің еріктілік бірлестігі болып табылады.
1.3. Қамқоршылық кеңестің құрамына, сонымен қатар, өз құқықтарын өкілеттік өкілдер арқылы жүзеге асыратын ұйымдар, мекемелер, олардың ұжымдары түрінде, заңды тұлғалар ене алады.
1.4. Қамқоршылық кеңестің мақсаты – бюджеттен тыс қаржыландырудың қосымша көзін, басқа ұйымдармен байланысты нығайту арқылы бала бақшаның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына себін тигізу.
1.5. Кеңес мүшелері өз жұмыстарын ақысыз жүзеге асырады.
1.6. Кеңес бала бақша әкімшілігімен және Мекемелермен жұмыс жүргізеді.
II. Қамқоршылық кеңестің қызметі.
2.1. Әлеуметтік-түрлі әлеуметтік-кәсіптік топтар өкілдерін кеңес жұмысына тарту.
2.2. Экономикалық - бюджеттен тыс қаржыландырудың көпсалалық жүйесін жүсеге асыру.
2.3. Саясаттық – мемлекеттік (регионалдық) білім беру саясатын жүргізу.
III. Қамқоршылық кеңестің міндеттері.
3.1. Халық арасында азаматтың әлеуметтік мәртебесін одан әрі анықтау үшін алған білім сапасының маңыздылығын қалыптастыру.
3.2. Балабақшаны қосымша қаржыландыруды, алдымен ата-аналар мен басқа адамдардың ерікті жанашырлық жәрдем есебінен, іздестіру.
3.3. Білім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
3.4. Қосымша оқыту және басқа да қызметтер енгізу туралы ұсыныстар енгізу.
3.5. Мекемеде жарыстар, сайыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға қатысу.
3.6. Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, оның бөлмелері мен территориясын сәулеттендіруге себін тигізу.
IV. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру.
4.1. Қамқоршылық кеңес, қайырымдылық жұмысты жүзеге асыру үшін өз еріктерімен біріккен, жалпы ата-аналар жиналысында құрылады.
4.2. Қамқоршылық (ата-аналар) қауымдастығы өз құрамынан үнемі жұмыс істейтін үйлестіру орган - Қамқоршылық кеңесті сайлайды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің санын, жұмыс істеу мерзімін Құрылтай жиналысы белгілейді. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ сан болу 1 жыл мерзімге тағайындау ұсынылады.
4.3. Қамқоршылық кеңес өз құрамынан 1 жыл мерзімге төраға мен хатшыны сайлайды. Қажет болған жағдайда Кеңес төрағасы мен хатшысы өкілет мерзімінің соңына дейін сайланады.
4.4. Қамқоршылық кеңес отырысы қажеттілікке байланысты өткізіледі, бірақ әр тоқсан сайын 1 реттен кем болмауы тиіс.
4.5. Қамқоршылық кеңес, қамқоршылардың жалпы жиналысынсыз да, өз шешімімен басқа мүшелерді: балабақшаға қайырымдылық көмек көрсетуге ниет білдірген заңды және жеке тұлғаларды қабылдай алады.
4.6. Қамқоршылық кеңестің барлық шешімдері, мүшелерінің 2/3 қатысқан жағдайда, дауыстың көпшілігімен қабылданады, шешім хаттамаға түсіріліп, Қамқоршылық кеңестің төрағасы және хатшының қолы қойылады.
4.7. Құжат Қамқоршылық кеңес төрағасында сақталады.
4.8. Қамқоршылық кеңес мүшелері өз жұмыстарын ақысыз атқарады.
V. Қамқоршылық кеңес жұмысы неден тұрады.
5.1. №2 «Жұлдыз» бала бақшасының Қамқоршылық кеңесі екінші деңгейдегі бюджеттен тыс қаражатты пайдаланады. Бюджеттен тыс қаражатты бас пайдаланушы – бала бақша меңгерушісі.
5.2. Қамқоршылық кеңес:
* қайырымдылық қызметін үйлестіреді,
* ата-аналардың ерікті жанашырлық жәрдемін, заңды және жеке тұлғалардың жанашырлық жәрдемін жинауды жүзеге асырады;
* қаржыланудың қосымша көзін іздестіруді үнемі жүзеге асырады;
* балабақша әкімшілігімен бірігіп мекеменің мұқтажын, шығынын және осы мұқтаждықты қанағаттандыру жоспарын айқындайды;
* меңгерушінің көрсетуі бойынша алдағы қаржылық жылға кіріс пен шығынның сметасын бекітеді;
* сметаның орындалуын қадағалайды;
* ата-аналарды, БАҚ, аудандық мекемелер мен өндірістерді мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі жалпы және, оның ішінде, бала бақшаның проблемалары туралы хабарлайды;
* бала бақша әкімшілігімен келісе отырып, білім беру мекемесі қызметіне түрлі әлеуметтік-кәсіптік топтарды тартады;
* бюджеттен тыс қаражатты бас пайдаланушы – балабақша меңгерушісімен бірге осы қаражаттың пайдаланылуына жауапкершілікті мойнына алады;
*Жылына кем дегенде 1 рет жалпы қамқоршылар жиналысында қайырымдылық жұмыс барысы және Қамқоршылық кеңес қаражатын пайдалану туралы есеп береді.
5.3. Қамқоршылық кеңес қаражаты – өздігінен тауып алған немесе балабақша әкімшілігіне тауып алуға көмек көрсеткен, қаржы, олар балабақшаның бюджеттен тыс қаражатын құрайды және жұмсалады;
· Балабақшаның жұмысына және дамуына,
· Балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуге;
· Жедел, сметамен көрсетілмеген шығындарды төлеуге – қор резерві.
VI. Білім беру мекемесі құқықты:
6.1. Қамқоршылық кеңестің сандық құрамын анықтауға
6.2. Қамқоршылық кеңес жетекшісі ретінде кеңес отырыстарына қатысуға, мекеменің дамуы бойынша ұсыныстар жасауға;
6.3. Қамқоршылық кеңес қызметі бойынша локалдық актілерді дайындауға қатысу;
6.4. Қайырымдылық жанашырлық жәрдемді пайдалану бойынша ұсыныстар жасап, кеңес беруге;
6.5. Кеңеспен бірігіп, қызметкерлерді материалдық ынталандыру түрлерін дайындауға;
6.6. Қамқоршылық кеңес қызметі бойынша есептік құжаттармен танысуға және қайырымдылық жанашырлық жәрдемді жұмсау жайында педагогтар Кеңесі отырыстарына қатысуға;
VII. Білім беру мекемесінің міндеті:
7.1. Білім беру мекемесі мен Қамқоршылық кеңес қызметін регламенттейтін, заңнамалық және локалдық актілерді сақтауға;
7.2. Кеңес отырысын өткізу үшін бөлме тауып беруге;
7.3. Кеңесті жарғылық құжаттармен және локалдық актілермен, оқыту бағдарламасымен, нысанды бағдарламалармен, жылдық жоспармен таныстыру.
7.4. Педагогикалық жұмыс жағдайы жөнінде Кеңестің сұранысы бойынша ақпарат беруге;
VIII. Қорытынды
8.1. Қамқоршылық кеңес өз жұмысын, нақты Ереже негізінде, балабақша Жарғысына және білім беру саласында қолданылатын заңнамаларға сәйкес, жүргізеді.
8.2. Қамқоршылық кеңес, қажеттілікке байланысты, Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады.
8.3. Осы Ереженің күші Қамқоршылық кеңестің қолданылу мерзіміне немесе жаңа Ережені қабылдағанға дейін белгіленеді.