Үйдегі баланы балабақшаға әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай көмек көрсету қажет? Бұл орайда, ата-аналарға мына кеңестерді ұсынамыз. · Баланың өзге балалармен көбірек араласуына мән беріңіз. Балалар сая бағына, ойын алаңдарына жиі ертіп барып тұрғаныңыз абзал. Құмда ойнауға, әткеншекке ұшуға баули жүріңіз. Туған күн кештеріне алып барыңыз. Онда өзін қалай ұстауын бақылаңыз, ұялама, оңашаланадыма, әлде жанжалдаса ма? Төбелеске жақынба, әлде құрдастарының тілін тез таба біле ме? · Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен алдын ала танысыңыз. |
· Балабақшаға бала алғашқы күндері барып жүргенде, түскі ұйқыға дейін шектеледі. Кейінірек, баланың ахуалына байланысты, бұл уақыт одан әрі қарай бірте-бірте ұзара бастайды. Баланың балабақшадағы алғашқы күндерінде мына жәйтті ескерген дұрыс. · Бейімделу стресі ағзаның қорғаныс күштерін әлсірете бастайды да, бала ОРЗмен, тамақ аурумен ауыра бастайды. Бұл уақытта, мүмкіндігінше, баланың иммунитетін күшейтуді қолға алаңыз. Сонымен қатар, топқа алғаш келген бала өзін қолайсыз сезінеді, эмоциясын сыртқа шығармауға тырысады, бұл ішке салмақ түсіреді, егер оны уақытында сейілтіп алмаса басты шалығудың себебі болуы мүмкін. · Сол үшін, үйде баламен көбірек жылжымалы қызықты ойындар ойнап тұруға уақыт бөліңіз.
|