№5 «Ботақан» тобында «Жабайы табиғат әлемі» апталық тақырыбына байланысты танымдық ұйымдастырылған оқу қызметтер өткізілді. Балалар жабайы жануарлар мен өсімдіктер туралы көптеген ақпараттар алды.Орманда мекендейтін жануарлардың тіршілігі туралы біліп, жабайы жануарлардың атауларын айтуға үйренді. Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың жабайы жануарлар туралы түсініктері қалыптасып, табиғаттың әсемдігін сезіне білді.Сонымен қатар көркем әдебиет деген ұйымдастырылған оқу оқу қызметінде балалар «Арыстан мен түлкі» ертегісімен танысып, ертегінің кейіпкерлерін рөлге бөліп, театр ойындарын ойнады. Осы тақырыпқа байланысты сүйікті аңдарды суретке салып және «Көңілді қоян» - атты мусіндеуден ұжымдық жұмыс жасалды. Бұл апталықта балалар жабайы табиғат әлемі туралы көп қызықты мәлімет алды.