«Қыс мезгілі - тамаша!» атты апталық тақырып

2021 жылдың 11-15 қаңтар аралығында  «Қарлығаш" ересектер тобында   «Қыс мезгілі - тамаша!» тақырыбындағы апталық қызықты және тиімді болып өтті. Балалармен аппликация, құрастыру, сурет салу бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Балалар өлеңдер айтып, қыс туралы мақал – мәтелдер жатқа айтып, мазмұнды суреттер бойынша  әңгімелер құрастыра білді. Серуен кезінде қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын бақылап, " Кімнің қар үйіндісі үлкен?", "Қар мен жел"  деген қызықты ойындар ойнап, әдемі аққала жасады.

 №12 "Қарлығаш" тобының тәрбиешісі: Курмангожина А.М.

 

Текст