Көкшетау фарфор зауыты салған "Василёк" балабақшасы 1985 жылдан бастап 1996 жылға дейін жұмыс істеді. 1996-2010 жылдары аралығында Көкшетау қаласы білім бөлімінің №17 орта мектебі жанындағы бастауыш сыныптарға арналған "№2 "Жұлдыз" мектеп - бақшасы " ашылды.Содан кейін Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 10.11.2010 жылғы №А-11/1564 "Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру туралы" қаулысының негізінде Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№2 "Жұлдыз" балабақшасы " Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта аталды. 2010 жылы "Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 шашу!", "Тәуелсіздіктің 20 жылдығына-20 нақты іс!" акциясы аясында облыс әкімі Сергей Дьяченконың қатысуымен Көкшетау қаласының" Васильковский " шағын ауданында 320 орынға арналған №2" Жұлдыз " балабақшасы ашылды. Көкшетау қаласының білім бөлімінің 15.12.2010 жылы №218 бұйрығымен балабақшаның меңгерушісі болып Пилипенко Людмила Юрьевна тағайындалды. Көкшетау қаласының білім бөлімінің 27.05.2015 жылы №43 бұйрығымен балабақшаның меңгерушісі болып Қабдрахманова Нурлыгуль Жанатаевна тағайындалды. Көкшетау қаласының білім бөлімінің 05.04.2018 жылы №22 бұйрығымен балабақшаның меңгерушісі болып Абдрахманова Айсулу Маулиевна тағайындалды.Балабақшада мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 12 топ бар, оның ішіне 1 логопедтік және 1 санаторлық топтар кіреді. Кең спорт залы және музыка залы, бейнелеу өнері студиясы бар. Мектепке дейінгі мекеме толық кадрлармен қамтылған: тәрбиешілер, музыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, педагог – психолог, логопед, дефектолог, орыс, қазақ тілдерінің мұғалімдері. Балабақшада 70 қызметкер жұмыс орнын тапты, оның ішінде 34 - і педагог қызметкерлер. 2020 - 2021 оқу жылында жоғары педагогикалық білімі бар - 26, оның ішінде мектепке дейінгі - 8; арнаулы орта білімі бар - 8, оның ішінде мектепке дейінгі -7, аяқталмаған арнайы мектепке дейінгі білімі бар-2 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары санатты 7 педагог, бірінші санаты бар - 13 педагог, екінші санаты бар - 7 педагог, санаты жоқ - 7 педагог. Біздің балабақша жұмысының басым бағыты: балаға көркем және эстетикалық тәрбие бере отырып, баланың үздіксіз, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету; мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту жұмысын жүйелі құру және одан әрі жетілдіру. Балабақша ұжымының шығармашылық әлеуеті зор. Педагогтармен жұмыстың барлық бағыттары бойынша практикалық және әдістемелік материалдар жинақталған. Әсіресе, озық педагогикалық тәжірибені зерттеуге, жалпылауға және таратуға көп көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі, балабақша педагогтары әзірлеген бағдарламалар, әдістемелік құралдар, картотекалар, сондай-ақ қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жүлделі орындар: 1. 2019 жылы балабақшаның тәрбиешісі А.М. Курмангожинаның «Сиқырлы қылқалам» вариативтік компонент бағдарламасы «Үздік авторлық бағдарлама» қалалық байқауында (ІІІ орын), облыстық (ІІ орын), республикалық деңгейде ІІ орынға ие болды.
2. 2019жылы балабақшаның тәрбиешісі Г.А. Турлубекованың «Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем – эстетикалық талғамын тестопластика арқылы дамыту» вариативтік компонент бағдарламасы «Үздік авторлық бағдарлама» атты қалалық байқауында (ІІІ орын), облыста (ІІІ орын), республикада ІІІ орынға ие болды. 2010-2020 жылдары аралығында балабақша ұжымы қалалық және облыстық, республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары болды. Қол жеткізген жетістіктері үшін Құрмет грамоталармен, Диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды. Біздің ұжым үшін әр түрлі деңгейдегі ең маңызды болған келесі іс-шаралар:
1. Оқу-тәрбие жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін: 2012ж., 2013ж., - 2016ж. І дәрежелі Диплом
2. "Ақмола жұлдыздары" қалалық байқауы: 2013ж., 2014ж., - ІІІ дәрежелі Диплом; 2015ж.- ІІ дәрежелі Диплом, 2016ж. - ІІ дәрежелі Диплом ; 2017ж. - І дәрежелі Диплом
3. Облыстық "Салауатты өмір салты" байқауы : 2013ж., 2015ж., 2016ж. - І дәрежелі Диплом
4. Қалалық "Балауса", "Көкше Ханшайымы" байқаулары : 2011ж., 2013ж. 2016ж.- І дәрежелі Диплом; 2014ж. - ІІІ дәрежелі Диплом.
5. Облыстық "Қазақшаң қалай, балақай?" байқауы: 2016ж.- І дәрежелі Диплом; 2018ж.- ІІІ дәрежелі Диплом; 2019ж. – ГРАН - при.
6. "Қазақ тілі білгірі" қалалық байқауы: 2017ж. - ІІ дәрежелі Диплом, 2018ж. - ІІ дәрежелі Диплом; 2020ж. - ІІІ дәрежелі Диплом.
7. Қалалық " Үздік педагог " байқауы 2016ж. – ГРАН - при дипломы; 2019ж. - ІІ дәрежелі Диплом; облыстық конкурс 2016ж. - І дәрежелі Диплом; республикалық қашықтықтан ұйымдастырылған байқау 2017ж. - І дәрежелі Диплом
8. Қалалық "Ханталапай" байқауы: 2017ж., 2020ж. - ІІ дәрежелі Диплом; 2019 ж. - Облыстық, қалалық байқауда ГРАН - при.
9. Облыстық "Білім беру ұйымдарының үздік интернет - ресурсы" байқауы: 2014ж.- номинация; 2015ж. – ГРАН - при.
10. "Ұлы дала ұрпақтары" қалалық байқауы 2016ж. - І дәрежелі Диплом, облыста -Диплом ГРАН - при, Республикалық байқауда І дәрежелі Диплом.
11. Қалалық "Мәнерлеп оқу" байқауы: 2016ж. - ІІІ дәрежелі Диплом, 2019ж. - І дәрежелі Диплом (Сивкова Милана), ІІ дәрежелі Диплом (Төлеубек Меруерт), 2020ж. - І дәрежелі Диплом (Бақытжан Айзере), ІІ дәрежелі Диплом (Төлеубек Меруерт).
12. "Отаным-тағдырым" қалалық ЭССЕ байқауы: 2017ж. - І және ІІ дәрежелі Диплом, облыста ГРАН - при (Рсаева А. М.);
13.Педагогикалық қызметкерлер арасындағы қалалық спартакиадада 2018ж. - І дәрежелі Диплом, 2019ж. - ІІ дәрежелі Диплом;
14. "Жас маман мен тәлімгердің дуэті" қалалық байқауы ГРАН - при 2020 ж.
15. Қалалық "Балабақша ғылымның STEM технологиясы" байқауы 2020ж. ІІ дәрежелі Диплом.
Біздің балабақшада әрқашанда мейірімді, шыдамды, әр баланың жүрегінің кілтін таба білетін жоғары кәсіби мамандардың керемет педагогикалық ұжымы жұмыс істейді. Балабақшада балалар жайлы және жылу, мейірім әлемінде өмір сүреді. Біздің педагогтардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуеті балабақшадағы тәрбие-білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.