Текст
28.01.2021 жылы логопед, дефектолог және психолог мамандардың қатысуымен психологиялық-педагогикалық консилиум өткізілді. Психологиялық-педагогикалық консилиумның мақсаты: баланың әлеметтенуі, балабақшаға бейімделуі, білім беру бағдарламаларын меңгерудегі қиындықтарды, бала дамуының психологиялық ерекшеліктерін және мінез-құлық ережелерін анықтау үшін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру барысында шешім қабылдау. Консилиумда 18 бала тексерілді.Оның ішінде 14 бала психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілді. Консилиум барысында әрбір маман баланың зияткерлік дамуын анықтау үшін диагностика жүргізді.