04 ақпан күні "Жұлдыз" балабақшасында Zoom платформасында педагогикалық кеңес өтті тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік – коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» Мақсаты: Балаларды дамытудың әлеуметтік-коммуникативтік саласы бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жақсарту мәселелерін, жолдары мен тәсілдерін анықтау. Міндеттері: -мемлекеттік стандартты іске асыру барысында «Әлеумет», «Қатынас» білім салалары бойынша педагогтардың кәсіби шеберлік деңгейін арттыру»- осы мәселе бойынша олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жасауда шығармашылық тәсілін қалыптастыру. Педагогтер осы мәселенің өзектілігін атап өтіп, балалардың қоғамда қабылданған нормалар мен құндылықтарды, соның ішінде моральдық және адамгершілік құндылықтарды меңгеруіне бағытталған педагогикалық өзара іс-қимыл жүйесін талқылады, баланың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасын және өзара іс-қимылын дамыту; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне оң көзқарасты қалыптастыру; тұрмыста, қоғамда, табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру. Педагогикалық кеңес іскерлік және қолайлы жағдайда өтті және талқылау мен шешім қабылдаумен аяқталды.