Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

"Ас атасы - нан"

07.08.2025
"Ас атасы  - нан" 
 
7 тамыз күні Көкшетау қаласындағы «Жұлдыз» балабақшасында ""Ас атасы  - нан"  атты танымдық-дамытушылық іс-шара өтті. Мақсаты – балаларға нанның қадірін ұғындыру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, нан өндіру үдерісі туралы түсініктерін кеңейту.
 
Балалар нанның дәннен бастап дастарқанға дейінгі жолымен танысып, егіншінің, диқан мен наубайшының еңбегі туралы білді. Тәрбиешілер балаларға бидайдың өсу кезеңін, диірменде тартылуын, қамыр илеу мен нан пісіру барысын қызықты ойындар мен әңгімелер арқылы түсіндірді.
 
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге арналған көрме ұйымдастырылып, онда әр топ өз қолдарымен жасаған нан мен бидайдан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Сонымен қатар балалар «Нан қайдан келеді?», «Нанды қастерле» секілді шағын сахналық қойылымдар көрсетіп, өлеңдер мен мақал-мәтелдер айтып, көрермендердің ықыласына бөленді.
 
Мерекелік шара балаларға үлкен әсер қалдырды. Олар нанның оңайлықпен келмейтінін, оны ысырап етпеу керектігін түсінді. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар балабақша тәрбиеленушілерінің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. 
Просмотров: 122


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст