Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Менің нәзік достарым.

11.08.2025

Күн тақырыбы: «Менің нәзік достарым»

«Мен және мені қоршаған орта» апталығы аясында балабақшамызда «Менің нәзік достарым» атты танымдық күн өтті. Бұл күн гүлдерге арналды. Балалармен бірге гүлдердің сұлулығы, табиғаттағы маңызы және оларға күтім жасау жайлы жылы сұхбат жүргізілді. Олар бөлме гүлдеріне қалай күтім жасау керектігін, жапырақтары мен гүл күлтелерін ұқыпты ұстауды үйренді.

Сондай-ақ балалармен гүл туралы қызықты шығарма оқылып, мазмұны талқыланды. Тәрбиешілермен әсерлерімен бөлісті. Бесіктен кейін балалар түрлі-түсті қағаздан өз қолдарымен әсем гүлдер жасап, оларды бірігіп үлкен ұжымдық жұмысқа айналдырды.

Бұл күн балалар үшін тек қызықты ғана емес, сондай-ақ мейірімділікке, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, әдемілікті байқай білуге тәрбиелейтін маңызды күн болды.

Просмотров: 106

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст