"Қоршаған орта" апталығы: "Менің адал достарым" күні
Біздің балабақшада "Қоршаған орта" апталығы аясында "Менің адал достарым" атты шуақты күн өтті. Бұл күн үй жануарларына — иттерге, мысықтарға, балықтарға және басқа да сүйікті тіршілік иелеріне арналды.
Балалар үй жануарлары туралы әңгімелер мен өлеңдерді қызыға тыңдап, олар жайлы қызықты мәліметтер білді. Сонымен қатар, өздерінің сүйікті достары туралы әсерлі оқиғаларымен бөлісті. «Достарыма тілектерім» атты әңгімелесу сәтінде балалар мейірімділік, қамқорлық және жануарларға деген сүйіспеншілік жайында жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Күннің жарқын сәттерінің бірі — дәстүрлі емес сурет салу техникасымен шығармашылық жұмыс болды. Балалар мақта таяқшалары, жөке, штамптар мен қолдың ізі арқылы сүйікті жануарларының бейнесін салды.
Бұл күн балалар үшін қызықты әрі тәрбиелік мәні зор болды. Олар жануарларға деген қамқорлықты, шығармашылық қиялды және достық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік алды.