«Отбасы – баланың үлкен және кіші әлемі»

12.09.2025

«Отбасы – баланың үлкен және кіші әлемі»

2024 жылғы 12 қыркүйекте балабақшамызда «Отбасы – баланың үлкен және кіші әлемі» атты ата-аналармен бірлескен спорттық ойын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы тығыз байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жағымды эмоциялар сыйлау болды.

Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар командаларға бөлініп, түрлі қызықты эстафеталық жарыстарға, қимыл-қозғалыс ойындарына қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Балалар көтеріңкі көңілмен, белсенділікпен қатысып, ата-аналарымен бірге уақыт өткізудің қуанышын сезінді.

Мереке соңында балалардың көздері қуанышқа толы болса, ата-аналар алғысқа бөленіп, ризашылықтарын білдірді. Барлық ата-аналарға «Белсенді қатысқаны үшін» дипломдар табысталып, балаларға естелік ойыншықтар сыйға тартылды.

Бұл шара баршаға қуаныш сыйлап қана қоймай, отбасы мен балабақша арасындағы байланысты одан әрі нығайтты. Отбасы – бала тәрбиесінің іргетасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Просмотров: 2367


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст