Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

«Өрт сөндіру бөліміне экскурсия»

19.09.2025

Танымдық даму апталығы аясында балабақшамыздың ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілері қалалық өрт сөндіру #2 бөліміне экскурсия жасады. Экскурсияның мақсаты – балалардың өрт сөндіруші мамандығы туралы түсініктерін кеңейту, өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру және құтқарушылар еңбегіне құрмет сезімін қалыптастыру. Балаларды өрт сөндірушілер жылы қарсы алып, өздерінің маңызды және жауапты мамандықтары туралы әңгімелеп берді. Балалар арнайы киімдер мен құралдарды, өрт сөндіру машиналарын тамашалады. Әсіресе, өрт сөндірушілердің сирена қосып, арнайы киімді қалай жылдам киетінін көрсеткен сәті балаларға ерекше әсер етті. Экскурсия барысында тәрбиешілер балаларға өрт шыққан жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, ересектерге хабарлап, 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттілігі туралы еске салды. Шара соңында балалар өрт сөндірушілерге қызықты кездесу үшін алғыс айтып, мамандықтарына сәттілік тіледі. Осындай танымдық шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, батыл мамандық иелеріне деген құрмет сезімін оятады.

Просмотров: 812

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст