Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

«Ашық хат» — жүректен шыққан сыйлық!

01.10.2025

Қарттар күніне орай біздің балабақшада жүрекке жылы, ерекше шара — «Ашық хат» атты акция өткізілді. Бұл іс-шара немерелердің өз ата-әжелеріне деген сүйіспеншілігі мен алғысын білдіруінің жарқын көрінісі болды.

Ересек және мектепалды даярлық топтарының балалары ашық хаттар жасап, тәрбиешілердің көмегімен өздерінің жүрекжарды тілектерін жазып, суреттер салып, ерекше шабытпен шығармашылық жұмысқа белсене қатысты. Әр хатта — баланың жүрегінен шыққан алғыс пен мейірім, ата-әжесіне деген махаббат пен ризашылық сезімі көрініс тапты.

Мұндай іс-шаралар бүлдіршіндердің бойында үлкенге құрмет көрсету, өз сезімін ашық жеткізу, алғыс айту сияқты маңызды адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.

Дайын болған хаттар балаларға табысталып, олар үйлеріне апарып, ата-әжелеріне табыс етті. Ата-аналар бұл бастаманы қуана қолдап, өз ризашылықтарын білдіріп, қуанышты сәттердің суреттерімен бөлісті.

«Ашық хат» акциясы тек мерекелік шара ғана емес, ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналып, отбасы мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтып, жақындарымызға жылы сөз айтудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір еске салды.

Просмотров: 816


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст