Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара.

03.10.2025

Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара   

Көкшетау қаласындағы «Жұлдыз» балабақшасында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл – өз ісіне адал, балаларға мейірім мен білім сыйлайтын барлық ұстаздарға арналған ерекше мереке. 

Іс-шара барысында педагогтарды балабақша басшылығы, әріптестері мен ата-аналар шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Еңбегімен ерекшеленген педагогтер алғыс хаттармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл марапаттар – олардың кәсібилігі мен балаларға деген сүйіспеншілігінің белгісі болды. 

Мереке тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Балалар мен тәрбиешілердің орындауындағы әндер, тақпақтар мен би көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды. 

Іс-шара соңында барша педагогтерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, шабыт пен еңбекте сәттілік тіленді. 

«Жұлдыз» балабақшасындағы Мұғалімдер күні – тәрбие мен білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға деген шынайы құрметтің көрінісі болды.

Просмотров: 813


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст