Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз»  балабақшасы МКҚК
ГККП детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

23 қазан күні балабақшамызда "Менің Отаным – Қазақстан" атты патриоттық фестиваль өтті.

23.10.2025

23 қазан күні балабақшамызда "Менің Отаным – Қазақстан" атты патриоттық фестиваль өтті. 

Іс-шараға барлық топтың тәрбиеленушілері белсене қатысты. Балалар Отан туралы жүрекжарды өлеңдер оқып, ән айтып, бимен өнер көрсетті. Ерекше әсер қалдырған сәт – кішкентайлардан құралған музыкалық оркестрдің өнері болды. Олар аспаптарда ойнап, мерекеге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл фестиваль балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қабілеттерін дамытып, бірлік пен достықтың маңызын көрсетті.

Барша педагогтер мен тәрбиешілерге осы мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін үлкен алғыс білдіреміз!

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

  

 

Ұйымдар тізімі
Текст