Балабақша педагогтарына Наурыз мерекесін ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндірме-нұсқаулық жұмыстары

12.03.2026

Балабақша педагогтарына Наурыз мерекесін ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндірме-нұсқаулық жұмыстары жүргізілді.

НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына байланысты 14–23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылады. Осы кезеңде ұлттық салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталып, балаларға халқымыздың мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен рухани құндылықтары таныстырылады. Әр күн мазмұнды әрі тәрбиелік мәні бар іс-шаралармен ерекшеленеді. Өткізілген жұмыстар әлеуметтік желілерде #наурызнама2026  хэштегі арқылы жарияланады.

Наурызнама онкүндігінің жоспары:

14 наурыз — Көрісу күні

15 наурыз — Қайырымдылық күні

16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17 наурыз — Шаңырақ күні

18 наурыз — Ұлттық киім күні

19 наурыз — Жаңару күні

20 наурыз — Ұлттық спорт күні

21 наурыз — Ынтымақ күні

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы

23 наурыз — Тазару күні

Баршаңызды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, Наурыз мейрамын бірге қарсы алуға шақырамыз!

 

Просмотров: 3263


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст