13.03.2026
2026 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Балаларын сүйетін ата-аналар клубы» шеңберінде «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасында салауатты өмір салтына деген құндылық қатынасты қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынасты нығайту және отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
Іс-шара барысында ата-аналар балаларымен бірге спорттық эстафеталарға, қимылды ойындар мен түрлі жарыстарға белсене қатысты. Сонымен қатар, ережелерді сақтау, әділ ойын және өзара қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды. Бұл балалардың тәртіптілік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде, достық әрі белсенді атмосферада өтті. Қатысушылар жағымды эмоциялар алып, сергектікке ие болды.
Кездесу қорытындысы бойынша мұндай іс-шаралардың балалардың денсаулығын нығайтуда, ата-аналардың белсенділігін арттыруда және ережелер мен нормаларды сақтау арқылы заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор екені атап өтілді.