«Балалар тәрбиесі – елімнің болашағы»

11.03.2026

2026 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Балаларын сүйетін ата-аналар клубы» шеңберінде «Балалар тәрбиесі – елімнің болашағы» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Тренинг барысында ата-аналар бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, ата-аналар түрлі ойындарға қатысып, шығармашылық тапсырмалар орындап, сурет салып, өз ойларын еркін жеткізді. Мұндай жұмыс түрлері ата-аналардың белсенділігін арттырып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, тиімді тәрбие әдістері, бала құқықтарын сақтау және отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жолдары қарастырылды.

Қатысушылар белсенділік танытып, практикалық тапсырмалар арқылы пайдалы ұсыныстар алды.

Тренинг қорытындысы бойынша мұндай кездесулердің ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыруда және заң мен тәртіп қағидаларын ұстанатын тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор екені атап өтілді.

Просмотров: 2525


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст