Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кішкентай ғарыш зерттеушілері

12.04.2026

Ғарыш күніне орай балабақшада тәрбиеленушілердің ғарыш туралы білімдерін кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және танымдық қызығушылықтарын арттыруға бағытталған тақырыптық апта ұйымдастырылды.

Апта бойы педагогтер балалармен ғарыш туралы танымдық әңгімелер өткізіп, ғарышкерлер жайында айтып, планеталар, жұлдыздар және ғарышқа ұшу туралы түсінік берді.

Практикалық және шығармашылық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді:

  • балалар «Ғарыш» тақырыбында аппликациялар жасады (зымырандар, планеталар, жұлдызды аспан);
  • жарқын ғарыштық суреттер салды;
  • пластилиннен планеталар мен ғарыш нысандарын мүсіндеді;
  • «Ғарышкерлер» атты қимылды және сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысты;
  • ғарыш туралы танымдық бейнематериалдарды тамашалады.

Іс-шара аясында тәрбиеленушілердің қатысуымен бейнероликтер түсірілді. Балалар өздерінің ғарыш туралы білімдерімен бөлісіп, өлеңдер айтып, шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Ғарыш туралы бейнероликтерді Instagram әлеуметтік желісінен көруге болады.

Өткізілген іс-шаралар балалардың қиялын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге, ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыруға және қоршаған ортаны тануға ықпал етті.

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст