Текст
06.04.2026
Көкшетау қаласында 2026 жылдың 3 сәуірінде балалар арасында ұлттық «Бестемше» ойыны өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды. Аталған шараға қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің тапқырлығы мен шапшаңдығын көрсетті. Солардың қатарында Ардақ Камшат ерекше белсенділігімен көзге түсіп, ойынға белсене қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Бұл іс-шара балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға ықпал етті.