28.05.2026
2026 жылдың 28 мамыр күні балабақшада «Педагогикалық рефлексия» тақырыбында қорытынды №5 педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты – жылдық жоспардың орындалу сапасына талдау жасау, оқу жылы бойынша ұжым жұмысының қорытындысын шығару және жаңа оқу жылына арналған мақсат-міндеттерді айқындау болды.
Педагогикалық кеңес барысында білім беру, тәрбие және әдістемелік жұмыстардың нәтижелері қарастырылып, педагогтер мен тәрбиеленушілердің жетістіктері талданды. Сонымен қатар өткізілген іс-шаралардың тиімділігіне сараптама жасалып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған мәселелер мен алдағы даму бағыттарын талқылады.
Педагогикалық кеңес ынтымақтастық пен кәсіби өзара әрекеттестік атмосферасында өтіп, оқу жылының қорытындысын шығаруда және алдағы жұмыстарды жоспарлауда маңызды кезеңдердің бірі болды.