01.06.2026
Бүгін 1 маусым айында Көкшетау қаласының жағалауында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Біздің тәрбиеленушілеріміз мерекелік бағдарламаға белсене қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Мерекенің ең жарқын сәттерінің бірі – «Балапандар» биі болды. Әсем де жарқын костюм киген кішкентай өнерпаздар биді өте әдемі, ұйымшыл әрі үйлесімді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әр бала өз өнерін барынша көрсетіп, сахнада тамаша өнер көрсетті.
Сонымен қатар, мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері «До-ре-ми» әнін орындап, оны әсем би қимылдарымен әрледі. Балалар өздерінің музыкалық қабілеттерін, сахна мәдениетін және шығармашылық белсенділігін көрсетті.
Біз талантты бүлдіршіндерімізді мақтан тұтамыз! Балаларды дайындаған педагогтерге және әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Әр баланың балалық шағы қуанышқа, шаттыққа, шығармашылыққа және бақытты сәттерге толы болсын! 💖
#БалалардыҚорғауКүні #Көкшетау #ЖұлдызБалабақшасы #БіздіңТаланттарымыз #БақыттыБалалықШақ #1Маусым