Көкшетау қаласы әдіскерлерінің қалалық қауымдастығының жоспарына сәйкес 2021 жылғы қараша айының 18 күні «Жұлдыз» балабақшасында қалалық семинар өтті.
Тақырыбы: «Оқу –тәрбие үрдісінде авторлық жұмыстарды пайдалану»
Іс-шараның мақсаты – педагогикалық тәжірибені кеңінен насихаттау, әріптестердің, педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға деген ұмтылысын қалыптастыру.
Меңгерушінің м.а. А.К. Кабдулинова семинар қатысушыларын «Жұлдыз» балабақшасы педагогтарының авторлық бағдарламаларымен таныстырды.
Тәрбиеші Г.Т. Молдахметова «Жас көрермен театры» вариативтік компонентіне арналған бағдарламамен таныстырды.
Бағдарламаның мақсаты – театрландырылған іс-әрекеттер арқылы баланың шығармашылық тұлғасын дамыту, сұлулыққа деген сүйіспеншілікті ояту, адамгершілікке, шыншылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші С.Қ. Бисембаева ҰОҚ көрсетті. Білім беру саласы «Қатынас», бөлімі «Көркем әдебиет», ағайынды Гриммдердің «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін жаңа түрде (мюзикл) театрландырылған қойылымын сахналады.
Педагог-психолог А.А.Мусаинова ертегі терапиясының элементтерімен психологиялық тренинг өткізді, семинарға қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен тілектер жазылған «жұлдызша» алды.
Тәрбиеші А.М. Курмангожина «Пушистый котик» тақырыбында дәстүрлі емес сурет салу шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Барлық қатысушылар балалық шақ әлеміне барып келгендей көңіл-күйде болды.
Семинар соңында әріптестер пікір алмасты, тілектерін білдірді, кері байланыс болды.