Балаларды мектепке дайындау білім беру жүйесінде ерекше орын алады. 2022 жылдың 7- 8 ақпан аралығында балабақшадан мектепке ауысу кезінде табысты бейімделу мақсатында «Жұлдыз» балабақшасының ҰОҚ - не сабақтастық бойыша №17 МГ 1 сынып мұғалімдері қатысты. «Балабақша-мектеп» жүйесіндегі жұмыс тәрбиешілердің, мұғалімдердің, балалар мен ата-аналардың жемісті ынтымақтастығына бағытталған. Мектеп мұғалімдері балабақшада қолданылатын жұмыс түрлері мен әдістерімен жақынырақ танысуға, бағдарламаның негізгі талаптарын білуге, болашақ бірінші сынып оқушыларын және оларға таныс ортаны көруге мүмкіндік алды. Білім беру қызметіне талдауды тәрбиешілер мен мұғалімдер дөңгелек үстелде өткізді, онда негізгі мәселелерді шешу жолдары анықталды. Әріптестер мұндай іс-шаралар білім беру сапасын арттырудың перспективасына ықпал етеді деген ортақ қорытындыға келді. Ұсынылған ҰОҚ үшін алғыстарын білдірді.