Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Бұл туралы республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және бақытты балалық шағы-бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз- деп мәлімдеді президент. Осыған байланысты 15.02.2022 ж. «Жұлдыз» балабақшасынның тәрбиеленушілері арасында «Кішкентай ханшайым-2022» атты шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Балалар шығармашылығын насихаттау; балалардың шығармашылық мәдениетін қалыптастыру; балалардың шығармашылық дамуына және өз ойын білдіруге жәрдемдесу; қатысушылардың әртістігін, стиль мен сән сезімін дамыту, өз имиджін жасай білу, өзін сахнада ұстай білу және әдемі қозғала білу, көрермендер аудиториясымен қарым-қатынас жасай білу. Байқаудың бірінші кезеңінде байқауға қатысушылар өздері туралы қысқаша айтты. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар өздерінің таланттарын ән, өлең оқу арқылы көрсетті. Байқаудың соңғы кезеңі ханшайымның негізгі костюмін көрсету болды.
Әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі қатысушылар:
Гран – при Амен Нұрай, I – орын Асылбек Меруерт, II –орын Гольцер София, III- орын Серебренникова Василина жүлделі орындарға ие болды.
Қалған қатысушылар «Өнерлі ханшайым», «Нәзік ханшайым», Сүйкімді ханшайым», «Көрермен көзайымы» атты номинацияларымен марапатталды.