Текст
2022 жылғы 24 ақпан күні Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» съезд жұмысына қатысушылар делегециясын қарсы алды. Делегация қатысушыларына балабақшада концерттік бағдарлама ұйымдастырылды және «Жеті лақ» мюзиклі көрсетіліп, әріптестер заманауи үлгіде шағын қойылым сахналады. Кейін делегация Көкшетау қаласының көрікті жерлерін тамашалап, өлкетану мұражайына және Ш.Құсайынов атындағы театрға барды. Педагогтер делегациясы жылы қабылдағанымыз үшін алғыстарын білдірді.