" />
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Жұлдыз" балабақшасы МҚКК

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана – өмір шуағы!

04.03.2019

        Екінші кіші «Бөбектер» тобында 8 – Наурыз мерекесіне орай «Ана – өмір шуағы» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік ұл мен қыздың биінен басталды: ұл бала мен қыз бала бір – бірімен қол ұстасып, әдемі, безендірілген залға кірді. Балалар «Ана» атты әнді шырқап, аналарына қуаныш сыйлап, ән шырқаудағы өнерін көрсетті. Мерекеге екі қонақ келді: Трулли мен Мили. Олар біздің балаларымыздың көңілдерін көтеруге және де мерекемен құттықтауға асығыпты. Екеуі бүкіл ертеңгілік барысында таласып, дауласты, бірақ балалардың күлдіртіп, көңілдерін көтерді.  Өз аналарына, әжелеріне тақпақ арнап, аналарын әжелерін қуантты. «Әже» деген әнді шырқады. «Ананы тамақтандыру» атты ойынды аналармен бірге ойнатты. Ойын өте қызықты болды: балалар өз аналарына бананды тез жегізді. Әрине – достық жеңді! Сонымен қатар, балалар «Анаға көмек» деген қимылды ойын ойнады. Мили қыздармен бірге би биледі, ал Трулли Милиден қалыспай ұлдармен бірге фокус көрсетті. Балалардың өз қолымен жасалған гүлдерді өз аналарына, әжелеріне сыйға тартты. Ертеңгілік балалардың көңілдерін шығып, қызығушылықтарын танытты. 

 

 

 

 

Просмотров: 606


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст