Текст
№2 «Жұлдыз» балабақшасында 16 шілде күні төтенше жағдай болған кезде, яғни: өрт кезеңіндегі эвакуациялау қимылдарын білу үшін оқу жаттығулар өткізілді. Осы іс-шараға азамматтық қорғанысынан аға лейтенант Н.Ж. Хамит шақырылды. Оқу жаттығуларына балабақшаның қызметкерлері және тәрбиеленушілері қатысты. Сағат 10.00 де дабыл сигналынан кейін қызметкерлер балаларды ғимараттан шұғыл түрде шығара бастады. Эвакуациялауды 15 минуттың ішінде аяқтады. Балалабақша қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 138 тәрбиеленуші «өрт кезінде» ғимараттан шығарылды. Қызметкерлер нұсқаулық бойынша барлық іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастырып, өткізе білді.