11 қараша күні «Бөбектер» ортаңғы тобы «Шалқан» ертегісін сахналап, өздерінің шығармашылық, әртістік қабілеттерін көрсетті. Қойылымға музыка жетекшісімен бірге дайындық жасай отырып, әр қатысқан баланың рөлін бірге дайындап, әрбір баланың бойында әртістік қасиеттерін ашуды көздедік. Балалар қойылымға аса қызығушылықпен қарап, әр кейіпкердің мінез – құлқын, жүрісін, қылығын жеткізе білді. Балалар театрландыру әрекетінде ең бастысы соңғы нәтиже емес, бұл әрекетте маңыздысы кейіптендіру, шығармашылық тебіреніс және орындау үдерісі. Театр өнеріндегі рухани – адамгершілік құндылықтары басым болып отырғандықтан, өсіп келе жатқан балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік құндылықтарын жарыққа шығару, әрбір баланың жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы барлық аса қасиеттерін дамыту.Нәтижесінде бала бойына жас кезінен бастап жоғары рухани құндылықтарды, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді, өмір мәні қалыптасады және балалардың сөйлеу тілі дамиды.