Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК-да белгілі жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдық тәрбие беру мақсатында сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністеріне қарсы тұру тақырыптарында әңгімелер мен дәрістер өткізілуде.
«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» тақырыбында дәріс өткізілді.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары әзірленді.
2. Меңгерушінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
3. Балабақша қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
қызметтік жағдайына байланысты сыйлықтарды қабылдауға жол бермеу туралы;
басқалар пара беруге уәде немесе ұсыныс ретінде немесе пара алу туралы келісім немесе пара талап ету ретінде қабылдауы мүмкін мінез-құлықтан аулақ болу туралы.
4. Бақша өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен басқа да маңызды оқиғалар туралы ақпаратты сайтқа уақтылы орналастыру.
Педагог қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) азаматтардан арыздар мен өтініштер түскен жоқ.
Нәтижелер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес жалпы құқықтық оқытуды жүргізуді жетілдіруді жалғастыру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
Орындаушы: ШБМ Саденова А.М.